Қазақстанда Кәсіподақ қызметкерлерінің күні атап өтілді.
Кәсіподақ қызметкері күні қарсаңында "№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" директоры "Ақниет" кәсіподақ ұйымының қолдауымен кәсіподақ ұйымының мүшелерін құттықтап, аурухана қызметкерлеріне марапаттар, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.
Атап айтқанда: Л.Б.Тюлепова "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының құрметті қызметкері" төсбелгісімен мараппаталды.
Волошина Т.В., Курегенова З.Д., Сарсенбаева Г.Б., Тасбергенова Б., Ермагамбетова Г., Гарифуллина С., Кудиярова Б.Ж., Ташенова Д.И., Секерова Г.Б., Манасырова М., Халимова З.Ш. Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Орталық Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Барлық кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерге қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Сіздерге еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде алға қойылған мақсаттарға мүлтіксіз қол жеткізуді, кәсіподақ құрылысында табыстар, жаңа еңбек жетістіктерін, денсаулық пен амандық тілейміз!