2022 жылғы 1 қаңтардан 31 қазанға дейін МӘМС-ға жарналар мен аударымдар ретінде823,2 млрд теңге түсті.
Ең ірі төлем жасаушы мемлекет болып табылады – жеңілдікті санаттарға кіретін 11 млн азамат үшін жарналар осы кезеңде шамамен 300,9 млрд теңгені құрады.
Төлем жасаушылардың келесі үлкен санаты-жұмыс берушілер. Аталған кезеңде аударымдар түрінде олар 293,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек ететіндер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 227,8 млрд теңгеге жарналар төледі.
Балаңыздың сау болғанын қалайсыз ба? 18 айға толмаған балаларды сандық құрылғылардың экрандарына жібермеңіз. Бір жастан 5 жасқа дейінгі балалар күніне 3 сағат қозғалып, күніне кемінде 10 сағат ұйықтауы керек. Бір жасқа толмаған балалар күніне кемінде 30 минут ішпен жатуы керек - оларды гаджеттен алшақ ұстаңыз!
№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы клиникасының базасында «Таңдай жырықтары бар балалардағы вестибулопластиканың ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класс кураторы медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ-Ресей медициналық университеті» жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры Серік Балташұлы Нұрмағанов болды. Мастер - класқа жақ-бет хирургтары Т.В. Жақанов, Ю.А. Гусейнов, К. ф. Әлімбаева, К. А. Әбілов және МУА резиденті Н. Н. Жарылқасимов қатысты.