Ауруды кейін емдеуге қарағанда, алдын ала ескерту жеңілірек. Әсіресе, ауыр инфекцияларға қатысты гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және тағы басқа да аурулар. Осы аурулардың алдын алу мақсатында елімізде екпе жүргізіледі.
Барлық міндетті екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады.
Барлық міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе тіркелген жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Осылайша, тіркелген емханадағы балаларға міндетті профилактикалық екпелер тегін салынады. Олардың тізімі ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Екпені тек медициналық мекемелерде жасау ұсынылады, өйткені барлық екпелер арнайы сақтау жағдайларын қажет етеді. Екпені кешіктіріп алу балаға ауруды «жұқтырып алу» қаупіне ұшыратады.
Біздің травматолог-ортопед Олжас Байназаров @dr.bainazarov «Қазақстан» телеарнасында жарақаттар мен үсік шалу тақырыбында «Өмір көркем» бағдарламасына қатысты.
Бүгінгі күні еліміздің емханаларына 0 - ден 18 жасқа дейінгі (толық 17 жасқа дейінгі) 6,5 миллионнан астам бала тіркелген.
Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады.