АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№ 2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 03 маусымнан 15 шілдеге дейін Астана қаласы әкімдігінің «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) кәсіпорынның қызметін қозғайтын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2024 жылғы 6-8 маусым аралығында Астана қаласында «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» базасында:
«Қазақстандағы балалар хирургиясы және диагностикасы күндері» халықаралық конференциясы өтеді
Конференция «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның 60 жылдығына орайластырылды.
Іс-шара шеңберінде балалар хирургиясындағы лапароскопияның, балалар артроскопиясының, балалардағы асқазан-ішек жолдарының (бұдан әрі – АІЖ) капсулалық эндоскопиясының заманауи мүмкіндіктері жарияланып, көрсетіледі, сараптамалық деңгейдегі эндобейнехирургиялық көрсеткіш операциялар жүргізіледі.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
1) Балалар хирургиясы:
2) Балалардағы артроскопия;