Бүгін біздің ауруханада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Мамытовтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Сыбайлас жемқорлық адамның өзі мен оның жақындарының санасына, дүниетанымның деформациясына нұқсан келтіреді.
Бүгін біздің аурухананың қабырғасында алдағы Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, оның барысында аурухана қызметкерлері денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен атап өтілді.
«Конституция еліміздегі барлық процестерді реттейді. Естеріңізде болса, 5 маусымда елімізде референдум өткізіліп, онда көптеген маңызды процестерді реттейтін заңның 33 бабына 60-қа жуық түзетулер енгізілген. Конституция Күні қарсаңында біз медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, атап өткіміз келді. Үздік қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды», - деді «Аманат» партиясы қалалық филиалының мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Владимир Савкин.