Адам өз денсаулығына неғұрлым мұқият қарайтын болса, оның ұзақ бақытты өмір сүру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл соншалықты қиын емес. Тек дұрыс тамақтану, темекі, алкоголь және есірткіден бас тарту, спортпен шұғылдану немесе кем дегенде таңертең жаттығу жасау керек. Таңертеңгі жаттығу - бұл физикалық белсенділіктің ең аз мөлшері бірақ күні бойы жақсы көңіл-күй беретін қуат. Деніңіз сау болсын десеңіз - болыңыз! Тек салауатты өмір салтын бастау керек.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.
«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Біздің клиниканың базасында "Таңдай жырығын жоюдың хирургиялық әдістері" тақырыбында мастер-класс өткізілді. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жақ-бет және пластикалық хирургия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Серік Болташұлы Нұрмағанов оқытудың кураторы болды. Аталмыш іс-шараға аурухананың келесі жақ-бет хирургтары қатысты: Жақанов Т. В. В., Абишев К. Н., Ильясов Н. К., Бейсенов Ш. А., Гусейнов Ю. А., Айтжанова М. А., Абилов К. А.
Доктор Нұрмағановқа ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!