Бүгінгі күні еліміздің емханаларына 0 - ден 18 жасқа дейінгі (толық 17 жасқа дейінгі) 6,5 миллионнан астам бала тіркелген.
Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады.
Сіз өз таңдауыңызды жасадыңыз ба? Біз жасадық! Бүгін-маңызды тарихи күн. Біз өз болашағымызды таңдаймыз! Бұл әркімнің азаматтық борышы, сондықтан сайлау учаскелеріне бару және дауыс беру маңызды.
№ 2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында әлемге әйгілі ортопед-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Rambam (Хайфа қаласы, Израиль) клиникасының балалар ортопедиясы департаментінің директоры, «Technion» Израиль технологиялық университетінің профессоры Марк Эйдельманның қатысуымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген дәрігерлерге арналған халықаралық мастер-класс өтуде, ол BI Жұлдызай Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылған. Тақырыбы: 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде жамбас буындарының деформациясын түзету.
Халықаралық мастер-класс аясында кеше қазақстандық хирургтар үшін жамбас буынын ерте эндопротездеуді болдырмауға мүмкіндік беретін әдістер бойынша алғашқы дәріс өтті. Дәрігерлер ең қиын жағдайларды талдады. Дәріс жанды қарым-қатынаста, сұрақтар мен жауаптар арқылы өтті. Бұл израильдік профессордың біздің ауруханаға бірінші рет келуі емес, оның қатысуымен бағдарлама бірнеше ай бұрын талқыланды.