Біздің ауруханаға алдыңғы құрсақ қабырғасында ауырсыну шағымымен 10 жастағы бала түсті. Тексеру барысында дәрігерлер ауырсынудың ерекше себебін анықтады — баланың алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықетінде тіс шұқығыш (зубочистка) табылды!
Белгілі болғандай, бала тіс шұқығышты байқамай жұтып қойған, бірақ ол қашан болғанын есіне түсіре алмады. Ұзақ уақыт бойы бөгде зат қатайып, тас тәрізді тығыздыққа ие болған. Бұл жағдайдың бірегейлігі — тіс шұқығыш ішекті тесіп өтіп, өздігінен алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықетіне өтіп кеткен. Басқаша айтқанда, ағза қауіпті затты өзі “ығыстырып шығарып”, ауыр асқынулардың алдын алған.
Бүгінгі күні бұл бірегей әдіс балалардағы асқазан-ішек жолдарының күрделі ауруларын диагностикалауда кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, Ринат Мухаметкалиевич капсулалық эндоскопия бойынша өз әріптестеріне тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы және Көкшетау қалаларында көшпелі шеберлік сабақтарын өткізді, осылайша елімізде осы әдістің дамуына өз үлесін қосты.