Біздің клиниканың базасында "Таңдай жырығын жоюдың хирургиялық әдістері" тақырыбында мастер-класс өткізілді. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жақ-бет және пластикалық хирургия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Серік Болташұлы Нұрмағанов оқытудың кураторы болды. Аталмыш іс-шараға аурухананың келесі жақ-бет хирургтары қатысты: Жақанов Т. В. В., Абишев К. Н., Ильясов Н. К., Бейсенов Ш. А., Гусейнов Ю. А., Айтжанова М. А., Абилов К. А.
Доктор Нұрмағановқа ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Құрметті достар!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бакыт тілейміз табыстарыңызга жұмыстарыңызга жеміс тілейміз!
Бүгін, 17 наурызда "№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" директоры Гүлнар Құлышева ұжымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты – ұжымды елімізді реформалауға бағытталған Президент Жолдауының идеяларымен және міндеттерімен таныстыру.