Халықаралық әйелдер күніне арналған жылы әрі қуанышты концерт өтті!
Алғашқы минуттардан-ақ қонақтарды мерекелік атмосфера қарсы алды: әсем музыка ойнап, аю костюміндегі аниматорлар билеп, раушан гүлінің жапырақтары әсемдік қосты.
Шын жүректен айтылған құттықтау сөздер залға қуаныш сыйлады. Домбырадағы әсем әуен тыңдармандардың жүрегін жаулап алды.
Бүгін клиникалық диагностикалық орталығының әріптесіміз Айтжанова Айзада, 8 Наурыз қарсаңында тек белсенділік танытып қана қоймай, 27 бала мен олардың аналарын қуантып, оларға шаттық пен күлкі сыйлады!
Мұндай игі істер әлемді жарық, ал жүректерді жылы етеді. Айзада, сіздің жанашырлығыңыз бен жомарттығыңызға алғысымыз шексіз!
Халықаралық әйелдер күніне орай Сарайшык ауданының командалары арасында волейбол турнирі өтті. Іс-шараны қалалық әкімдік пен Сарайшык ауданының әкімдігі ұйымдастырды.
Біздің қыздар ауруханамыздың намысын қорғап, командамен жұмыс істеу, күш пен табандылық танытты! Сіздердің қатысуларыңыз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңыз біз үшін мақтаныш!