«Ғажайып күн» науқаны аясында біз №2 қалалық балалар ауруханасында 50 баланы құттықтадық.
Балаларға тәтті кулькалар сыйлап, олардың күнін қуаныш пен жылулыққа толтырдық.
Бұл мереке әр балаға сиқыр мен күлкі сыйласын.
Бүгін, Жаңа жыл қарсаңында, «Мереке» қайырымдылық қорының қолдауымен біздің кішкентай науқастарымызды құттықтадық!
Оларға жаңа жылдық сыйлықтар мен тосынсыйлар сыйлап, мықты денсаулық және тез сауығып кетуін тіледік.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар арасында республикалық конкурс ұйымдастырылды.
Бүгін біз қуанышты жаңалықпен бөлісіп, директорымыз, Кулушева Гүлнар Ережеқызын «Жыл Үздігі - 2024» жоғары марапатымен құттықтаймыз!