Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Р.Қошқарбаев даңғ, 64, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүргізу туралы жариялайды.
Медициналық бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаты, сатып алу көлемі және сатып алу үшін бөлінген сомасы) осы хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.
Жеткізу мерзімі - шартқа қол қойылған күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде.
Нақты жеткізілген тауар үшін ақы төлеу беру-қабылдау актісіне Тапсырыс беруші қол қойған және Өнім беру есеп-фактурасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Тапсырыс берушімен жүргізіледі.
Әлеуетті Өнім берушілердің жапсырылған конверттерге салынған баға ұсыныстары Астана қ., Р.Қошқарбаев даңғ., 64, 3-қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша, 18.01.2024 жылы сағат 09:00 минуттан бастап 25.01.2024 жылы сағат 12:30 минутқа дейін (жұмыс тәртібі сағат 08:30 минуттан бастап 17:30 минутқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 12:30 минуттан бастап 13:30 минутқа дейін) ұсынылады. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары көрсетілген конверттерді ашу 25.01.2024 жылы сағат 15:00 минутта Астана қаласы, Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, 3-қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша ашылады.
Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.
Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған баға ұсынысы хабарландырумен, сатып алу туралы шарт жобасымен, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігімен көзделген сұрату шарттарына сәйкес, оның тауарды жеткізуді жүзеге асыруға берген келісімінің нысаны болып табылады.
Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін 1 (бір) баға ұсынысын конвертпен жапсырылған күйде ұсынады, ол мынадай құжаттарды қамтиды:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі-хабарлама) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (хабарламаға №1 Қосымша, тізімі қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Баға ұсыныстары көрсетілген жапсырылған конверттің беттік жағында әлеуетті өнім беруші:
Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе 9, 10-абзац талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсынысы бар Конверт хабарландырулар қабылданбайды (тіркелмейді) және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жарияланады (www.2kqba.kz).
Сатып алуды ұйымдастыруға уәкілетті өкіл: К.А. Омурзаков, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, тел: 8 (7172) 70-97-75