ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» бірлесіп аурухана қызметкерлері үшін «Донор күнін» ұйымдастырды.

Жыл сайын донорлық қан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жүздеген литр таптырмайтын адам компонентін жинау қажет. Донорлық – бұл игі іске қосылу мүмкіндігі. Әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық белсенділік таныта отырып, біздің медицина қызметкерлері отандастарымыздың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді деген ниетпен тұрақты түрде қан тапсырып тұрады.

Қан тапсыру рәсімі мүлдем қауіпсіз. Орталықтың барлық қызметкерлері кәсіби даярланған: бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдаланады, әрбір донациядан кейін донорлық орындарды дезинфекциялайды, әрбір жинау үшін стерильді жинақты пайдаланады, асептикалық құралмен қолды өңдейді, сондай-ақ болашақ донорлардың температурасы мен қан қысымын алдын ала өлшейді.

Бір жыл ішінде тек 4-5 рет қан беруге болады. Қан тапсыру қанның жалпы көрсеткіштерін жақсартады, оны жаңартады, организмнің жалпы тонусын және келбет пен көңіл-күйді арттырады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.