Көпбейінді қалалық балалар ауруханада 2022 жылдың 6-8 маусым аралығында қазақстандық және шетелдік дәрігерлер үшін медицина ғылымдарының докторы, Rambam клиникасының балалар ортопедиясы департаментінің директоры (Хайфа қаласы, Израиль), «Technion» Израиль технологиялық университетінің профессоры Марк Эйдельманның қатысуымен шеберлік сабақ өтті. Осындай шеберлік сабағын өткізу үшін профессордың Қазақстанға алғашқы келуі. Халықаралық ортопедтер қауымдастығының мүшесі бола отырып, ол кісі әлемдегі жетекші балалар ортопедтерінің рейтингісінде 3-ші орын алады. Үш күн ішінде Марк Эйдельман біздің ауруханада «Жамбас курсы. Балалардағы туа біткен жамбастың шығып кетуін хирургиялық емдеу» тақырыбында бірнеше шеберлік сабағын өткізді.
Оның айтуынша, Израильде туғаннан 6 аптадан кейін балалардың 85% ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі.
«Мен Израильде уақыты асып кеткен жамбастың жартылай шығуы ота жасамаймын, өйткені оларда ондай жоқ. Неліктен жоқ, өйткені ондай патологиялар ерте кезеңдерде анықталады – 6 аптада, ең көбі екі айда. Біз оларға баспалдақшалар қоямыз, үш айдан кейін ондай мәселе жоғалады», - деді ол.
Сондықтан ол қазақстандық ата-аналарды ортопедтерге дер кезінде жүгінуге және олардың ұсыныстарын бұлжытпай орындауға шақырды.
Біздің клиникада болған күндерінде дәрігер өте ауыр патологиясы бар, екі жамбасы да шығып кеткен, балаға ота жасады.
«Біздің бөлімшеде тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған патологиялары бар балалар ем алады. Біз жаңа туғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың емдеуімен айналысамыз. Бізде бүкіл республика бойынша дамып келе жатқан және ортопедияда инновациялық әдістерді жақсартуға және енгізуге бағытталған білім беру менторлық бағдарлама бар. Біз бұл бағдарламада 2014 жылдан бастап «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорымен бірлесіп жұмыс істейміз және жылына үш рет біздің аурухананың негізінде шет елден үздік мамандар-сарапшыларды шақыра отырып, осындай ауқымды тақырыптық шеберлік сабақтарын өткізіп отырамыз. Үш күн бойы біз патологиялары бар балаларға көптеген кеңестер, сондай - ақ ТМККК шеңберінде 12 операция жүргіздік», - деді №2 КҚБА балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев.