2022 жылғы Жазғы мектеп аясында №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы негізінде 6-10 маусым аралығында осы жылғы жоспарланған бірінші мектебінде балалар диабетологиясы бойынша оқу өтті.
Оқыту контентін «Астана медицина университеті» КЕАҚ құрамында аллергология, гематология және эндокринология курсы бар балалар аурулары кафедрасының ассистенті Абдуахасова Гульмира Касеновна құрастырып, дайындады.
Жазғы мектеп кезінде курсанттар ағзадағы инсулин тапшылығының клиникалық белгілері бойынша теориялық білім алды, күрделі соматика бөлімшесінде нақты пациенттерді қарап және тексеру жүргізді, қандағы глюкоза деңгейін анықтаудың тәжірибелік дағдыларын үйренді, инсулин помпасының құрылымын және әр түрлі мониторингілердің жұмыс істеу ұстанымын зерделеді.
Сондай-ақ, курсанттар диабетпен ауыратын адам ретінде өмір сүріп көруді байқастырды: олар тамақтану барысында нан бірліктерінің санын есептеп, глюкометр көмегімен глюкоза деңгейін өлшеп отырды, сорғының (помпаның) көмегімен физиологиялық ерітінді енгізіп көрді.
Сабақтың әр күні қызықты және жемісті өтті, және оқу соңында барлығы диабетпен өмір сүру күнделікті еңбек, диабетпен ауыратын адамдарға білім мен тәжірибелік дағдылар, сондай - ақ нәтижеге қол жеткізу үшін маңайдағылардың қолдауы және түсінуі қажет екен деген қорытындыға келді.