Біздің №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы «Астана» Медицина Университетінің үздік клиникалық базасы» марапатына ие болды! Бұл біздің ұжым үшін үлкен жетістік, әріптестерімді құттықтаймын!
Байқаудың мақсаты өз қызметінде жоғары жетістіктері бар, өзінің кәсіби біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыратын қызметкерлерді және университеттің клиникалық базалары - ұйымдарын көпшілік алдында тану болып табылады.
«Үздік клиникалық базасы» атағы базасында университеттің клиникалық кафедралары орналасқан және жыл ішінде бірлескен қызметте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген медициналық ұйымға беріледі.
Осылайша, біздің аурухана жоғары деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететінімізді және клиникалық кафедралардың профессорлары мен оқытушыларымен бірлесіп инновациялық технологияларды, диагностика мен емдеу әдістерін белсенді түрде енгізетінімізді растады.