Адамның әлеуметтік мәселелері шешулі болса, балаларына тамақ сатып алуға қаражаты жетіп тұрса, жайлы пәтерге немесе тіпті жеке үйге оралуға мүмкіншілігі, өзімен өзі немесе отбасымен отырып, бірге демалуға болатын бұрышы болса, ол таңертең жұмысқа күш пен энергияға толы келеді, солай емес пе? Бұл әсіресе дәрігерлер үшін өте маңызды. Неліктен?
Дәрігерлер қаралушыларға моральдік көп күші мен энергиясын жұмсайды. Ал дәрігерлер де қаралушылар сияқты ет пен сүйектен жаралған, олардың да жан дүниесінің көңіл күйі, алдарында көптеген шешетін мәселелері бар тірі адамдар. Қазіргі таңда дәрігер мамандарының жетіспеушілігі кездейсоқ емес. Кәсіби орта босап жатыр. Неліктен? Дәрігерлер эмоционалды түрде жүйкелеп кетеді.
Сондықтан, бүгін «Мереке» қайырымдылық қоры біздің қызметкерлерімізге жеке тұрғын үй сатып алу үшін номиналы 5, 3 және 2 миллион теңге ақшалай сертификаттарды табыстаған кезде – бізде үміт пайда болды, ал дәрігерлердің арқасына қанат біткендей болды. Енді олар өздеріне жеке үй сатып ала алады!
Біздің аурухананың директорының және дәрігерлердің атынан «Мереке» қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз!