ЖАҢЫЛЫҚТАР

Бүгін №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында шеберлік сабағы басталды, оның аясында Түркиядан келген уролог, профессор Али Текин бастаған операциялық бригада 4 ота жасайды, сондай-ақ «Балалар урологиясындағы эндовидеохирургия» тақырыбында консультация мен дәріс өткізеді.

Шеберлік сабағының мақсаты - Қазақстанның ота жасайтын балалар урологтарының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық медициналық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу, балалар хирургиясындағы жаңа технологияларды бейімдеу.

«Әрине, урологияның, атап айтқанда балалар урологиясының дамуы біздің қала үшін аса маңызды. Біз соңғы бірнеше жылда ересектер урологиясы бойынша эндоскопиялық аз инвазивті технологияларды енгізу жолында белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Менің ойымша, бүгін біз осы тұрғыдан балалар урологиясын дамытуды бастауымыз керек», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ол бұл біздің клиника қабырғасында өтіп жатқан алғашқы шеберлік сабағы емес екенін атап өтті.

«Біздің әріптестер осы екі күннің ішінде болашақта өз тәжірибесінде қолдана алатын жан - жақты білім мен дағдылар алатынына сенемін», - деп жалғастырды Тимур Мұратов.

Өз кезегінде профессор Али Текин өз білімін бөлісуге, сонымен қатар біздің дәрігерлерден тәжірибе алуға дайын екенін атап өтті.

«Біз бір-бірімізбен білгенімізбен бөлісеміз. Менің ойымша, біздің жұмысымыз баршамызға, ең бастысы – кішкентай пациенттер үшін тиімді болады», - деді ол.

Бүгіннің өзінде Меморандум аясында 10 кішкентай пациент клиникада консультация алады, ал ертең оталар жасалатын болады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091

 

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.