Жыл сайын жаз мезгілінде біз балалардың биіктіктен, әсіресе терезелерден құлауы туралы айтамыз. Бірақ одан аз қайғылы жағдайлар болмайды.
Ұмытпаңыз - ашық терезе бала үшін қауіпті болуы мүмкін.

балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

балалардың ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеңіз;

терезеде москиттік торлар болғанымен олар темір тор секілді болмайтынын есте сақтаңыз;

баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз;

балаңызға терезеден бір нәрсе көрсету мақсатында оған терезенің алдында тұруды үйретпеңіз;

бөлмені желдету үшін терезенің көзін пайдаланыңыз немесе терезенің жоғарғы жағын ашып желдетіңіз;

терезенің тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды орнатыңыз;

терезеге бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнатыңыз.
Балаңыздың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда екендігін ұмытпаңыз!
