ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

Елордалық ауруханада Атыраудан келген кішкентай науқасқа МӘМС бойынша инновациялық операция жасалды

Бес жасар Ануар Шайкен екі жақты микротия және есту жолының атрезиясымен дүниеге келген. Үш жасқа толғанда ата-анасы оған аралық аппарат сатып алды, ол бала операция жасына жеткенге дейін дамуы тоқтап қалмау, үшін бандажға тағып ерте жаста киіледі.  №2 Көпбейінді қалалық аурухананың баспасөз қызметінің айтуынша бала енді уақытша аппаратын шешіп тастай алады.

Сүйек өткізгіштік аппаратын имплантациялау операциясы Қазақстанда осы жылы медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізіле бастады. №2 КҚБА лор-хирургтері  осындай операцияларды бұған дейін де жасаған, бірақ импланттар ауруханаға гуманитарлық көмек аясында келіп түсетін. Операция инновациялық болып табылады және жоғары технологиялық медициналық қызметке (ЖТМҚ) жатады.

"Мұндай операцияға жататын балалар санатының бірі – микротия және атрезиясы бар науқастар. Бұл екі түрлі диагноз, бірақ олар әрдайым дерлік бірге "жүреді". Микротия бұл құлақ жарғағының болмауы немесе толық дамымауы. Атрезия жағдайында есту жолы күрт тарылған немесе мүлдем жоқ - бұл туа біткен ақау. Осындай диагнозы бар балалардың аналары үшін бұл өте ауыр тақырып", - деді №2 КҚБА лор бөлімшесінің меңгерушісі Арман Абилев.

Операция екі жақты есту мүкістігі бар балаларға жасалады, яғни екі құлағы естімеген кезде немесе есту жолы күрт тарылған кезде.

"Енді МӘМС аясында біз осындай операцияларды тұрақты түрде жасайтын боламыз. Мұндай операция шамамен 4 жастан және одан ересек жастағы балаларға жасалады.

Операцияның мәні - бас сүйегіне ендірілген импланттың арқасында дыбыс сүйектер арқылы өтеді. Ішкі құлаққа өтетін діріл (вибрация) пайда болады, бала ести бастайды", - деп лор-хирург сөзін толықтырды.

Айта кетейік, балаға бұрын Қазақстанның жеке клиникаларының бірінде үнді дәрігері операция жасаған, оның барысында есту жолын табиғи жолмен ашуға тырысқан. Бірақ мұндай жағдайларда есту жолы жиі жабылады. Жиі рецидивтер болғандықтан әлемдік тәжірибеде мұндай операциялар сирек жасалады. Қазір Ануарда операциядан кейінгі ерте кезең, операциядан кейінгі қолдау терапиясы жасалып жатыр. Жақында біздің науқас үйіне барып, атыраулық отоларингологтардың бақылауында болады. Шамамен бір айдан кейін имплантқа сөйлеу процессоры қосылады. Оны әр бес жыл сайын өзгерту керек, бірақ импланттың өзін қайта орнату қажет емес.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.