2022 жылғы 1 қаңтардан 31 қазанға дейін МӘМС-ға жарналар мен аударымдар ретінде823,2 млрд теңге түсті.
Ең ірі төлем жасаушы мемлекет болып табылады – жеңілдікті санаттарға кіретін 11 млн азамат үшін жарналар осы кезеңде шамамен 300,9 млрд теңгені құрады.
Төлем жасаушылардың келесі үлкен санаты-жұмыс берушілер. Аталған кезеңде аударымдар түрінде олар 293,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек ететіндер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 227,8 млрд теңгеге жарналар төледі.
Жалдамалы жұмысшылар-193 млрд теңге
АҚС – 7,7 млрд теңге
ЖК – 19,9 млрд теңге
БЖТ төлеушілер – 1,5 млрд теңге
Дербес төлеушілер – 5,7 млрд теңге
Осылайша, 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде 16,2 миллионнан астам сақтандырылған азамат бар (халықтың 82,1 пайызы).
Бұл ретте 6 мыңнан астам азамат болашақ 12 ай үшін төлем жасаудың жаңа тетігін сақтандырылушы мәртебесін алу үшін пайдаланды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі – алдағы 12 ай үшін төлем жасау басталды. Бұған дейін өткен 12 ай үшін жарналар төленуі керек еді. Яғни, егер өткен жылы төленбеген кезеңдер болса, жаңа әдісті таңдағанда, бұл қарызды төлеу міндетті емес болып табылады.
Қор барлық жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түсетінін еске салды. Сол жерден олар сақтандырылған азаматтарға көрсетілген қызметтерді төлеуге жіберіледі.
МӘРТЕБЕ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ТЕКСЕРУ
Төлемдердің болуы және келесі жылға мәртебе беру туралы ақпаратты сақтандырудың мәртебесі тексерілетін тәсілдермен алуға болады
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
Қордың ресми сайты арқылы fms.kz
SaqtandyrýBot Telegram арнасы.
Төлемдер мен мәртебе туралы ресми құжатты eGov.kz электрондық үкімет порталынан «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы алуға болады.