Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығы қарсаңында біздің ауруханада салтанатты іс-шара өтті. Дәл осы күні 1991 жылы ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданған.
№ 2 КҚБА директоры Гүлнар Ережейқызы Кулушева Тәуелсіздік Күнінің тарихи оқиғаларын атап өтті.
Практикалық денсаулық сақтауда үлкен көмек көрсететін профессорларымызға, соның ішінде профессорларға, ғылым докторлары В.М. Лозовойға, С.Т. Абдрахмановаға, Н.А. Молтабароваға, медицина ғылымдарының кандидаттары Е.Н. Старосветоваға, Р.Т. Сатымбаеваға халықаралық Француз қауымдастығының грамоталары табыс етілді.
Сонымен қатар, «Ақниет» қалалық кәсіподақ филиалы мен аурухана кәсіподағының атынан қоғамдық жұмысты белсенді атқарғаны үшін қызметкерлерге марапаттар мен грамоталар табыс етілді.
Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды. Біздің қызметкерлерді Қазақстан әртістері құттықтады: халықаралық байқаулардың лауреаттары Бибігүл Ысқақова және Әли Коптлеу, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрлан Әлімжанов.
Барлық әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз, көпұлтты халқымызға денсаулық, бейбітшілік және жақсылық тілейміз.