ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

Баланы жыл бойы шынықтыру керек – үзіліс болмауы тиіс. Процедуралардың жүйелілігі сәтті нәтиженің кепілі.

Процедураларды ойын түрінде өткізген дұрыс. Егер сәбиге процесс ұнайтын болса, шынықтыру әсері жақсы болады. Балаға ұнайтын заттардың барлығын – ойыншық, өлең, суреттерді пайдалансаңыз болады. Баланы қызықтыру үшін импровизацияны қолданыңыз. Шынықтыруды массажбен үйлестіріңіз.

Медициналық статистикаға сүйенсек, мұндай балалардың иммунитеті мықты болады.

Дегенмен, процедуралар кезінде баланың ыстықтап кетуіне немесе салқындауына жол беруге болмайды. Себебі сәбилердің терморегуляциясы әлі жетілмеген. Сондықтан су мен ауаның температурасын мұқият қадағалап, баланы күн астында көп ұстамаңыз. Киімі мен аяқ киімін ауа райына сәйкес таңдап, басын күн сәулесінен қорғаңыз.

Шынықтыру шаралары жалпы және арнайы деп бөлінеді.

Жалпы шаралар дұрыс күн тәртібін, рационалды тамақтану, дене шынықтыруды қамтиды.

Арнайы шынықтыру процедураларына ауамен шынықтыру (ауа ваннасы), күн сәулесімен шынықтыру ( күн сәулесі ваннасы), сумен шынықтыру (су процедуралар) жатады.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.