Елордалық дәрігерлер оқу сапасын арттыруда
№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында UMEA University (Швеция) педиатрия, балалар эндокринологиясы және қант диабеті жөніндегі кеңесшісі, PhD қауымдастырылған профессоры Елена Ландбергтің «Клиникалық практикадағы ғылыми инновациялар» атты балалар эндокринологиясы бойынша дәрістер топтамасы басталды. Дәрігерлерге арналған бұл дәріс Астана медициналық университетімен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Дәрістерде жалпы ерте жыныстық жетілудің ерекшеліктері, сондай-ақ «жыныстық жетілудің кешігуі мен гипогонадизм», «гипофиз гормондарының тапшылығы», «химиотерапия мен сәулелік терапиядан кейін пациенттерді бақылау» тақырыптары талданады.
Швед профессоры мысалға келтірген патологияның бірі – «микропения».
«Жыныстық жетілу басталған кезде, ол мүмкіндігінше жетіледі де, алайда ешқашан қалыпты болмайды. Бұл - ағзаның туа біткен патологиясы. Емдеу жолы өте қарапайым - тестостеронның бірнеше инъекциясы нәрестенің әдеттегідей қалыпты дамуына септігін тигізеді, - дейді дәрігер.
Конференция дәрігерлерге арналған, бірақ сайып келгенде, басты мақсат - науқастарға сапалы көмек пен сапалы диагноз қою.
«Эндокринология өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Клиникалық тәжірибеге енгізілуге тиісті жаңа жетістіктер ашылуда. Біз көп нәрсені білгенімізбен, іс жүзінде қолдана бермейміз. 2014 жылдан бастап Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін Еуропалық балалар эндокринологтары қауымдастығы аранйы оқу мектебін ашып бастады. Елена Ландберг осы мектепте тәлімгер және бізге келіп, өз тәжірибесімен бөлісуге ниет білдірді. Осы уақытта түрлі клиникалық жағдайларды талқыламақпыз, - деді «Астана медицина университеті» КЕАҚ аллергология, гематология, эндокринология курстары бар балалар аурулары кафедрасының ассистенті, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс Бас балалар эндокринологы Гүлмира Абдуахасова.