ЖАҢЫЛЫҚТАР

Терезеден құлау - балалардың жарақаттануы мен қайғылы жағдайлардың әсіресе қалаларда негізгі себептерінің бірі. Табиғи қызығушылығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал. Көптеген жағдайларда балалар мидың жарақаттарымен, орталық жүйке жүйесінің, аяқ-қолдардың, сүйектердің, ішкі ағзалардың зақымдалуымен (бауыр мен көкбауырдың жарылуы) бірге ауыр жарақат алады, бұл ұзақ емдеуді және қалпына келтіруді қажет етеді, ол бірнеше апта немесе тіпті айларды қамтиды. Кейде бала денсаулығын толықтай қалпына келтіре алмайды және өмір бойы мүгедек болып қалады, баланың оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болуы сирек емес.


Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғаны болдырмас үшін келесі қағидаларды сақтау керек:

Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.

Бала терезеге көтеріле алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезе алдынан алшақтатыңыз.

Москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше - москит торы қайғылы оқиғаға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінгендіктен, терезеге де, москит торына да сүйенеді. Көбінде балалар осы торлармен бірге құлайды.

Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Терезелерге арнайы бекіткіштерді қойыңыз, ол балаға терезені бірнеше
сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді.

Терезе торларын қою арқылы, терезелерді қорғаңыз. Торлар балаларды
ашық терезеден құлаудан қорғайды. Егер сіз терезенің барлық өлшеміне тор орнатсаңыз, оны өрт болған жағдайда тез ашу тәсілі болуы тиіс!

Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз - оны әрдайым мықтыбекітіңіз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.
Құрметті ата-аналар, кішкентай баланы қараусыз қалдырмаңыз!
Есіңізде болсын: ата-аналардың балаларға деген ықыласы тек қиындықтардан аулақ болуға көмектеседі!

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.