ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

Бүгін №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханада «Көз ұясы жарақатын алған балаларға көрсетілетін мамандандырылған көмек» тақырыбы бойынша оталар мен шеберлік сабағы өтіп жатыр. Оталарды дәрігерлердің көпсалалы тобы – офтальмологтар, жақ-бет хирургтары жасайды. Шеберлік сабағына медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры Серік Балташұлы Нұрмағанов шақырылды, ол инновациялық технологияларды – үш өлшемді (3D) модельдерді пайдалана отырып, көз ұясының төменгі қабырғасының жарақаттан кейінгі ақаулары пластикасы бойынша оталар жасайды. 3D моделі реконструктивті оталарды жоспарлаудың дәстүрлі әдістеріне теңдессіз қосымша. Бұл жақ-бет хирургтарына отаға дейінгі пішін мен функцияны тиімді қайталауға немесе жақсартуға мүмкіндік беретін технологиялық жетістік. Сондай-ақ, осы әдіс хирургқа ота кезінде және отадан кейінгі асқынуларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Көз ұясының төменгі қабырғасының сынуы жол-көлік оқиғасы, спорт және тұрмыстық жарақаттар нәтижесінде болатын оқшауланған және қосарлас бас сүйек-бет жарақаттарында кездеседі. Көз ұясының төменгі қабырғасының сынуы нәтижесінде болуы мүмкін асқынулар - көз алмасы қозғалысының шектелуі, көз жітілігінің көру қабілетінен айырылуға дейін төмендеуі. Мамандандырылған көмекті уақтылы көрсету осындай асқынулардың дамуына жол бермейді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

 

 

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.