№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және Карамайдағы (Синьцзян, Қытай) Орталық ауруханасы арасындағы медициналық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде, халықаралық медициналық практиканы дамыту және екі елдің халқының ортақ игілігі үшін, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысу мақсатында Қытай делегациясы біздің клиникаға достық сапармен келді.