ЖАҢЫЛЫҚТАР

Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелеріне теріс әсер етеді. Шамадан тыс тұздалған тамақтану инсульт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі және т.б. қаупін арттырады.

Тұзды тұтынуды қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін ас үлесіне құрамында тұзы көп тағамдарды азырақ қосу қажет.

  • өнеркәсіптік терең өңделген дайын өнімді (ет шұжық өнімдері, балық деликатестері, дәмді сухарилер мен крекерлер, консервіленген өнімдерді) азырақ;
  • тұздалған және маринадталған өнімдерді сирек тұтыну, өнімді дайындау мен сақтауда тұзды аз немесе тұзсыз жасау тәсілдерін қолдануға тырысу;
  • "Тұзы азырақ болса, дәмі көбірек шығады" деген ұстанымды ұстану арқылы тұздың орнына бұрыш, лимон шырыны, сарымсақ, дәмдеуіштер мен шөптерді қолдануға болады;
  • сорпаға дәмді дәм беру үшін тамыр жеміс (балдыркөк тамыры, пияз, сәбіз), тамырлар (зімбір тамыры), шөптер (насыбайгүл) және басқа да хош иісті көкөністер (балдыркөк сабағы, пияз) қолдануға болады;
  • соя соусы, кетчуп және құрамында жасырын тұздың мөлшері көп салаттарға арналған тұздықтар сияқты дайын тұздықтарды пайдалануды азайту;
  • консервіленген өнімдерді тұтынған кезде ішіндегі сұйықтықты төгіп тастап, тұздың құрамын азайту үшін өнімдердің өзін сумен шаю керек;
  • тұз сауытты үстелден (жылдам қол жетімділік жерден) алып тастау арқылы дайын тағамға тағы да тұз қосуға қызығудан арылуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.