№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында 2018 жылы туған пациентке «Омыртқаның конус липомасын микрохирургиялық жолмен алып тастау, интрооперациялық нейромониторинг аппаратының көмегімен жұлынның фиксациясын жою» жүргізілді.
Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, шығуға дайындалып жатыр.
Интрооперациялық нейромониторинг нейрохирургиялық операция кезінде орталық жүйке жүйесін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл – жұлынның жүйке ұштарын, жүйке ұштарының жолдарын тексеретін және нейрохирургтың жұмысын жеңілдететін құрал. Бұл дәрігерге жүйке ұштарын зақымдамау үшін үлкен көмек.
Нейрофизиологиялық мониторинг орталық жүйке жүйесіне операция жасау кезінде ең заманауи және міндетті құралдарының бірі болып табылады.
Айта кетейік, мұндай операциялар бұрын да жүргізілген. Бірақ нейромониторинг олардың жасалуын айтарлықтай жеңілдетеді. Оны пайдалана отырып, жыл сайын 20-30 операция жасау жоспарлануда.
Интрооперациялық нейромониторингке арналған аппарат көмегімен қолданатын бұндай операциялар «Қазақстан халқы» қоғамдық қорының арқасында мүмкін болды.
Сонымен қатар, Ұлттық нейрохирургия орталығы мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның және профессор Серік Ақшолақов жетекшілік ететін Ұлттық нейрохирургия орталығының «QN Балаларға нейрохирургиялық көмекті дамыту» қайырымдылық жобасының арқасында Қазақстанның балалар нейрохирургтері жұлын мен миға жасалған операциялар кезінде интраоперациялық нейромониторингті қолданудың практикалық дағдыларын үйренуге мүмкіндік алды.