ЖАҢЫЛЫҚТАР

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келген.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

23 тамызда «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да «Қан тапсыр – өмірді сақта!» қайырымдылық акциясы өтті. Ол «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – донорлық қан өмірлік маңызды болып табылатын адамдарға көмек көрсету және қан донорларының қатарына мүмкіндігінше көп азаматтарды тарту.

Жақсы бастамаға аурухана қызметкерлері қосылды, қан тапсыра және басқа жастарды донор болуға шақыра отырып үлкен үлес қосты.

Жыл сайын «Mereke» қайырымдылық қоры «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізеді.

Бұл жоба аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды, жетім балаларды және оқу жылының басында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды материалдық қолдауға бағытталған.

Биылғы жылы кәсіподақ құрамындағы қызметкерлердің 80-нен астам баласы және «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-де емделуші 35 бала акцияға қатысу бақытына ие болды. Бірінші сыныпқа барушылар мен оқушыларға көмек ретінде мектеп жиынтығы берілді.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.