ЖАҢЫЛЫҚТАР

Дифтерия – жіті жұқпалы ауру, ол Лефлера таяқшамен шақырылады және ауыз қуысындағы қабыну және ауыр жалпы интоксикациясымен көбінесе білінеді.

Таралу жолы: ауа - тамшылы. Жөтелу және түшкіру арқылы қоздырғышы бөлінеді. Дені сау адамның ағзасын қоздырушысы жұтқыншақ және жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы түседі.

"Травматология-ортопедия (комбустиология) (балалар)" мамандығы бойынша дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру курстарына топтар құрылып жатыр:

1) 2024 жылғы 11-15 наурыз аралығында "Күйік жаралары мен жара инфекцияларын емдеудің өзекті мәселелері" тақырыбы бойынша, 60 сағат.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыға белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.

Курстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша қосымша ақпаратты білім бөлімінің мамандарынан мына телефон бойынша алуға болады: 8 747 650 04 11

Дәріскер - №2 КҚБА күйік бөлімшесінің меңгерушісі Сағидолда Бақытхан Сағидолдаұлы.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың наурыздың 31-іне дейін onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.

Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.

Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне 8 (7172) 24-89-26, 24-88-96 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.