Астанада жаңа травматологиялық пункт жұмыс істейді. № 2 КҚБА (Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы) травматологиялық пунктінің филиалы оң жағалауда, Желтоқсан көшесі, 34 мекенжайындағы №2 емхана базасында орналасқан.
Травматологиялық пункт 24/7 жұмыс істейді. Қабылдауды балалар травматологтары екі ауысымда жүргізеді. 18 жасқа дейінгі жарақат алған балалар қабылданады. Қабылдауға тексеру, аяқ-қолдардың рентгенографиясы, алғашқы медициналық көмек, тігістер, аяқ-қолдардың иммобилизациясы кіреді. Егер пациентке стационарлық көмек қажет болса, онда ол № 2 КҚБА (Қошқарбаев, 64) жіберіледі.
№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және Академик Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізетіні туралы хабардар етеміз.
№2 КҚБА білім беру кызметтерін көрсету үшін институционалдық аккредиттелген, оқытушылар құрамына медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары санатты дәрігерлер, Астана қаласының бас штаттан тыс мамандары кіреді. Сондай-ақ №2 КҚБА ҚР өңірлері бойынша көшпелі шеберлік сабақтарын, шетелдік мамандарды тарта отырып, халықаралық шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. №2 КҚБА тиісті клиникалық базамен, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, емдеу іс-шараларын, хирургиялық араласуларды жүргізуге арналған жоғары мамандандырылған заманауи жабдықпен жарақтандырылған.
Бірінші желтоқсанда №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы клиникасының базасында "Пьер Робен синдромы кезінде кешенді емдеу тактикасы" тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді, аталған шеберлік сыныбының кураторы медицина ғылымдарының докторы, "Қазақстан-Ресей медициналық университеті" жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры Серік Балташұлы Нұрмағанов болды. Шеберлік сыныбына жақ-бет хирургтары қатысты: Батыров Т. У., Жақанов Т. В., Ильясов Н. К., Гусейнов Ю. А., Оразаева Г. Б., Алимбаева К. ф., Абилов К. А., Оспанов А. Е. және басқалар.