Балаларыңызды инфекциядан қорғау үшін дәрігерлердің ұсыныстарын орындаңыз! Егер бала ауырып қалса, педиатрларға хабарласыңыз! Постта тек жалпы нұсқаулар бар!
ТҰМАУМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Тұмау - кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жедел жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы – ауру адамдар түшкіргенде және жөтелгенде қоршаған ортаға енетін вирус.
Көптеген адамдар жеңіл тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері ауыр түрімен, кейде асқынулармен де ауырады.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу - бұл адам ағзасына ауру тудыратын вирустармен инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар кешені.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 қазанға дейін МӘМС-ға жарналар мен аударымдар ретінде823,2 млрд теңге түсті.
Ең ірі төлем жасаушы мемлекет болып табылады – жеңілдікті санаттарға кіретін 11 млн азамат үшін жарналар осы кезеңде шамамен 300,9 млрд теңгені құрады.
Төлем жасаушылардың келесі үлкен санаты-жұмыс берушілер. Аталған кезеңде аударымдар түрінде олар 293,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек ететіндер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 227,8 млрд теңгеге жарналар төледі.
Балаңыздың сау болғанын қалайсыз ба? 18 айға толмаған балаларды сандық құрылғылардың экрандарына жібермеңіз. Бір жастан 5 жасқа дейінгі балалар күніне 3 сағат қозғалып, күніне кемінде 10 сағат ұйықтауы керек. Бір жасқа толмаған балалар күніне кемінде 30 минут ішпен жатуы керек - оларды гаджеттен алшақ ұстаңыз!