Құрметті Қазақстандықтар, келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
25 қазан біздің ел үшін аса маңызды даталардың бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның суверенитеті туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам еді. Бүгін таңда біздің Республикамызда болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін жеткілікті инновациялық технологиялар, білікті кадрлар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының заманауи жүйелері бар.