Қала ұйықтап жатқанда, операция бөлмелерінде балалардың өмірі үшін күрес жүріп жатады. Бұл – Жақсылықов Марат Әбдіманапұлының түнгі кезекшілігіндегі сәттердің бірі.
Бұл кадрлардың артында – ұйқысыз түндер, үздіксіз келіп жатқан науқастар, бірінен соң бірі жасалған шұғыл оталар.
Ата-аналардың алаңдаған дауыстарын есту, көздеріндегі қорқынышты көру ауыр. Бірақ осы сәтте дәрігерлер әрбір кішкентай жүрек үшін, әр тыныс үшін күресіп жатыр.
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі. Әр шаңыраққа молшылық, денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!
Дендеріңіз сау, жүздеріңіз жарқын болсын!