ЖАҢЫЛЫҚТАР

Асқазан трихобезоары: сирек кездесетін, бірақ қауіпті диагноз

Жуырда біздің ауруханада асқазанда жиналған тығыз шаш түйнегін – трихобезоарды сәтті алып тастау операциясы жүргізілді. Бұл түзіліс асқазанның қалыпты жұмысына кедергі келтіріп, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Науқас іштің ауыруы, жүрек айнуы және тәбеттің төмендеуі сияқты шағымдармен түсті. Тексеру барысында хирургиялық араласуды қажет ететін трихобезоар анықталды.

Лапаротомия жасалып, түзіліс толықтай алынды. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

Маңызды: трихобезоар көбіне шаш жұлу және жұту әдеті бар балалар мен жасөспірімдерде (трихотилломания) кездеседі. Егер іштің ауыруы, жүрек айнуы, асқазанның толып тұрғандай сезілуі байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Өзіңізді және жақындарыңызды күтіңіз!

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.