Пациенттің пікірі:
"Қайырлы күн. Біздің балаларымыздың өмірін сақтап қалған Сізге және сіздің барлық әріптестеріңізге алғыс айтқымыз келеді.
Байгереев Ринат Мұхамедқалиұлына, сондай-ақ жалпы хирургия бөлімшесіне ұлымыз Ильжанды құтқарғаны үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Ильжан өте сирек кездесетін "созылмалы он екі елі ішек бітелісі, Уилки синдромы" ауруымен дүниеге келді. Ринат Мұхамедқалиұлы басқарған жалпы хирургия мамандары жедел диагноз қойып, кейіннен түзетулер енгізіп, ұлымызды құтқарды.
Сол күндері бастан кешкен уайымды жеткізе алмаспын.
Сіз және әріптестеріңіздің қамқоры мен жылуын ешқашан ұмытпаймыз.
Сіздер балаларымызды аман алып қалдыңыздар. Еңбектеріңіз бен ыждағаттарыңызға бас иеміз", - деп ата-ана алғысын білдірді.
Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.
Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін! Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейміз!