ЖАҢЫЛЫҚТАР

Денсаулыққа зияны бар ортада жұмыс істейтіндер үшін жарна төлерде қандай да бір жеңілдіктер бола ма?

Ресми статистикаға сәйкес, елімізде міндетті жарналарын төлеуді келесі жылдан бастап мемлекет жүзеге асыратын жеңілдік берілген азаматтар санатына жататын 11 млн. азамат бар. Зиянды өндіріс орындарында қызмет ететін адамдар жеңілдік берілген азаматтар санатына кірмейді.

Алайда, 2017 жылдың 1 шілдесінен бері барлық жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды аударып отырғанын түсіну керек. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер әлеуметтік медициналық сақтандырудың толыққанды қатысушылары бола отырып, сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етілетін болады.

❗ Маңызды!
Егер қандай да бір медициналық ұйымда сізге қызмет көрсетуден бас тартса немесе қызмет сапасыз көрсетілсе, біздің ☎️ 1406 байланыс орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) басталуына санаулы ай қалды. МӘМС-тің негізгі басымдықтары – халықты кеңінен қамту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Мемлекет еліміздің 11 млн-ға жуық азаматына сақтандыру пакетін алуға кепілдік береді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметті тұтынушылар қатарынан болады.

Жеңілдік берілген азаматтар қатарына кімдер жатады? Назарларыңызға жарналарын мемлекет төлеп беретін азаматтардың жеңілдік берілген 15 санатын ұсынамыз:
▶️1) балалар;
▶️2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
▶️3) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
▶️4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
▶️5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
▶️6) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
▶️7) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
▶️8) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;
▶️9) мүгедектер;
▶️10) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
▶️11) жұмыс істемейтін оралмандар;
▶️12) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
▶️13) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар;
▶️14) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
▶️15) тергеу изоляторларында отырғандар.

2019 жылғы 11-12 қазанда №2 қалалық балалар ауруханасының базасында «Сүндет 2019» акциясы аяқталды. Көп балалы және әлеуметтік мұқтаж отбасылардың 3-7 жас аралығындағы 110 балаға «Nur Otan» партиясының елордалық филиалының берген тізіміне сәйкес қайырымдылық негізде сүндетке отырғызылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірлігінің Елшілігі және «Ummet» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, сондай-ақ мешіт өкілдері де шақыртылды.

Мақсаты – көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балалар «Циркумцизия» (сүндетке отырғызу) медициналық қызметін өтеусіз негізде алды.

Акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының 10 балалар хирург дәрігерлері жұмылдырылды.

Балалар рәсімнен кейін назарсыз қалмады. Әр балаға ойыншықтар мен тәттілер берілді. Барлық ата-аналарға операциядан кейінгі балалар күтімі бойынша жадынамалар таратылды.

Тағы мақалалар...

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.