ЖАҢЫЛЫҚТАР

Ағымдағы жылы жеке кәсіпкерлер ЖК ретінде өзіне жарна төлеуден босатылған, бірақ жұмыс беруші ретінде өздерінің жалдамалы қызметкерлері үшін аударымдарды төлеуді жалғастыруда. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК жарналары есептеу объектілерінің 5%-ын құрайды.

Жеке кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшері болып табылады. Осылайша ЖК 1,4 ЕТЖ-ның 5% төлейді.

Маңызды!

Егер қандай да бір медициналық ұйымда сізге қызмет көрсетуден бас тартса немесе қызмет сапасыз көрсетілсе, біздің байланыс орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз - 1406.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) превенция және парасаттылық басқармасы басшысының м.а. Хайруллин Марат Мұратқалиұлымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша №2 қалалық балалар ауруханасының базасында аурухананың қызметкерлері үшін семинар-кеңес өткізілді. Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

  • қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.  

"ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы" тақырыбына Нұр-Отан саяси партиясымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер алдында "Нұр Отан" партиясы Алматы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Жамаладен Ибрагимович Ибрагимов сөз сөйледі.

Елордада 16 қыркүйек пен 13 қазан аралығында күзгі экологиялық айлық өтеді. Оның аясында 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті.

№2 қалалық балалар ауруханасының ұжымы қалалық сенбілікке белсене қатысты.

Жалпы қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты-қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосу.

Тағы мақалалар...

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.